"Altyn Bank" АҚ (Дочерний банк China Citic Bank Corporation Limited) Fitch Ratings рейтингтік агенттігі Altyn Bank эмитентінің дефолт рейтингін "BBB-" деңгейінде растады және "bb-" деңгейінде "Тұрақтылық" рейтингін бергені туралы хабарлады

28.03.19 09:20
/KASE, 11.07.18/ – Қазақстан қор биржасының мүшесі болып табылатын (KASE), "Altyn Bank" АҚ (Дочерний банк China Citic Bank Corporation Limited) (Алматы), 2018 жылдың 28 желтоқсанында баспасөз хабарламасын ұсынды. цитата басы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – "Fitch") "Altyn Bank" АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd Еншілес банкі) (бұдан әрі – "Банк") шетел және ұлттық валютада "ВВВ –" деңгейінде эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін растағаны туралы хабарлады, сондай- ақ "bb-" деңгейінде орнықтылық рейтингін (Viability Rating) берді. Болжам бойынша ұзақ мерзімді ДЭР – "Тұрақты". Банктің Халықаралық кредиттік рейтингі жеке қазақстандық банктер арасында ең жоғары болып қалуда. Fitch Банктің ДЭР оның негізгі акционерінің- China CITIC Bank Corporation Ltd әлеуетті қолдауына негізделгенін айтты. (бұдан әрі – "China CITIC Bank"). Өз кезегінде, China CITIC Bank өз рейтингтері ВВВ/Тұрақты деңгейде және рейтинг агенттігінің пікірінше, Қытай үкіметінен мемлекеттік қолдаудың жоғары ықтималдығы (А+/Тұрақты) болып табылады. China CITIC Bank мажоритарлық акционерінің Банкке қолдау көрсетуі қажет болған жағдайда, оның Қазақстандағы еншілес банкті дамыту стратегиялық шешіміне, Банк дефолты жағдайында China CITIC Bank үшін әлеуетті беделді тәуекелдерінің болуына және қолдауға төмен шығындарына негізделеді. Viability Rating Fitch өзінің шешімін Бас компаниядан операциялық тәуелсіздіктің елеулі дәрежесін болжайтын банктің болашақ стратегиясына қатысты жеткілікті анықтықпен түсіндіреді. Банктің Viability Rating "bb-" деңгейінде активтердің жақсы сапасына, таза табысты тұрақты генерациялауға, капиталдандырудың ақылға қонымды деңгейіне және өтімділіктің әсерлі буферіне негізделеді. "Халықаралық рейтингтік агенттіктердің бағалары Altyn Bank - тің елдің қаржы нарығындағы мықты позициясын тағы да растайды, - деп атап өтті "Altyn Bank" АҚ Басқарма Төрағасы Марат Әлменов - Банк рейтингі прогрессивті банк технологияларын енгізуге, активтердің сапасын жоғары деңгейде ұстап тұруға және клиенттік сервисті жетілдіруге бағытталған біздің орта мерзімді стратегиямызды іске асыру нәтижелерін көрсетеді. Жеке ресурстар және Қазақстан мен Қытайдың қаржы нарығының көшбасшы - акционерлерін қолдауы арқылы біз жаңа қаржылық қызметтерді енгізуді және клиенттерімізге қолжетімді сервистер тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз". Анықтамалық ақпарат: "Altyn Bank" АҚ (ЕБ China CITIC Bank Corporation Ltd), бұрын – "HSBC Қазақстан Банкі" АҚ ЕБ (2014ж. қарашаға дейін) және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ЕБ (2018ж. сәуірге дейін). Қазақстанның банк нарығына 1998 жылдан бастап қатысқан, корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне арналған өнімдер мен қызметтердің кең спектрі бар әмбебап коммерциялық банк болып табылады. "Altyn Bank "АҚ Алматы, Астана қалаларында, "Астана" халықаралық қаржы орталығында, Атырау және Ақтау қалаларында 5 филиалы және Алматыда 2 қосымша бөлімшесі бар. 24 сәуір 2018 жылы China CITIC Bank Corporation Limited "Қазақстан Халық Банкі"АҚ-ның 50,1% акцияларын сатып алу нәтижесінде Банктің мажоритарлық акционері болды. Сонымен қатар бір уақытта China Shuangwei Investment Co., Ltd. Банктің жарғылық капиталындағы 9,9% үлесін сатып алды. "Қазақстан Халық банкі" АҚ үлесі тиісінше 40% құрайды. ChinaCITICBankCorporationLtd. 1987 жылы құрылған. CITIC Group құрамына кіреді және 1 трлн АҚШ доллардан астам активтері бар Қытайдағы көлемі бойынша бесінші банк болып табылады. Банк корпоративтік (корпоративтік және инвестициялық банкинг, халықаралық бизнес, факторинг, кастоди және т.б. қызметтері) және бөлшектік (бөлшек банкинг, кредиттік карталар, тұтынушылық қарыздар, активтерді басқару, private банкинг, он-лайн банкинг және т. б.) клиенттерге қызметтердің кең тізбесін ұсынады. China Shuangwei Investment Co., Ltd. 2008 жылы құрылды, Банк ісі, сақтандыру, бағалы қағаздар, энергетика және темекі индустриясы салаларындағы ірі стратегиялық инвестициялық жобаларға жауапты Қытай темекі корпорациясының еншілес компаниясы болып табылады. "Қазақстан Халық банкі" АҚ- бөлшектік сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер мен активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде әрекет ететін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Халық Банкінің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап және Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап листингі бар. Халық банкінің ірі клиенттер базасы мен елдегі филиалдық желісі бар, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанда жұмыс істейді. Қосымша комментарийлерді алу үшін Сіз әрқашан хабарласа аласыз: Ермек Койчебаев, Маркетинг басқармасы Тел. +7 (727) 356 61 79, (ішкі 11 179) E-mail: Ermek.k@altynbank.kz цитата соңы [2019-03-28]