2019 жылдың 03 мамырында "KEGOC" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

02.04.19 17:22
/KASE, 02.04.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 03 мамырында сағат 11:30-да акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Күн тәртібінде: 1) жылдық қаржылық есебін бекіту, таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы; жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына 2018 жылға дивиденд көлемін бекіту туралы; 2) акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекетіне жүгінулері туралы; 3) компанияға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы; 4) компания жарғысына өзгертулер мен толықыруларды бекіту туралы, Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_annual_shareholders_meeting_info_030519_2198.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-04-02]