2019 жылдың 15 сәуірінен бастап Қазақстан қор биржасында ББҚ-мен автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарының сауда-саттықтары ашылды

12.04.19 16:21
/KASE, 12.04.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды; Қазақстан қор биржасы 2019 жылдың 15 сәурінен бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде автоматты репо нарығында репо операциясының мерзімдері келесі бағалы қағаздарының сауда-саттықтары ашылады: - "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) XS0867478124, XS0867573890 (KASE ресми тізімі, "облигациялар" санаты, BTASe16) халықаралық облигацияларының репо операцияларының мерзімі 2, 3 және 14 күн; - "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) XS0248160102 (KASE ресми тізімі, "облигациялар" санаты, BRKZe4) халықаралық облигацияларының репо операцияларының мерзімі 1, 2, 3 және 7 күн; - "Маңғыстау аймақтық электр желілері компаниясы" АҚ (Ақтау) KZ2C00003432 (KASE ресми тізімі, "облигациялар" санаты, MREKb9) облигацияларының репо операцияларының мерзімі 1, 2, 3, 7, 14 және 28 күн. Репо операцияларына тиісінше келесі кодтары берілді: - R_BTASe16_002, R_BTASe16_003, R_BTASe16_014; - R_BRKZe4_001, R_BRKZe4_002, R_BRKZe4_003, R_BRKZe4_007; - R_MREKb9_001, R_MREKb9_002, R_MREKb9_003, R_MREKb9_007, R_MREKb9_014 және R_MREKb9_028. [2019-04-12]