"Қазақстан Даму Банкі" АҚ жалғыз акционері Басқарма Төрағасы мен Директорлар кеңесінің мүшесі Б.Жәмішевтің өкілеттігін тараптардың келісімі бойынша мерзімінен қысқарту туралы шешім қабылдады

26.04.19 17:41
/KASE, 26.04.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан), жалғыз акционерінің 2019 жылдың 23 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады: - Банк Басқарма Төрағасы Б.Жәмішевтің өкілеттігі 2019 жылдың 26 сәуірінен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын; - Директорлар кеңесінің мүшесі Б.Жәмішевтің өкілеттігі 2019 жылдың 26 сәуірінен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын; Аталмыш ақпарат - http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_decision_sole_shareholder_230419_1864.pdf мекен-жайында орналасқан. [2019-04-26]