"Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Limited еншілес банкі) активтердің сапасының тәуелсіз бағасының нәтижелері (AQR) сенімділікті растайды

03.03.20 17:51
/KASE, 03.03.20/ – Бағалы қағздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Limited еншілес банкі) (Алматы) Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 03 наурызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... AQR нәтижелері Altyn Bank тұрақты қаржылық жағдайын растады. AQR өткізу күні бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі 19,4% құрады, ең төменгі мәні 7,5% құрады. AQR қорытындысынан кейін капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мәні өзгеріссіз қалды, капитал қоры 11,9% құрады. Өтімділік қорының жоғары көрсеткіштері мен қаражат жеткіліктілігі банктің жоғары сенімділігін көрсетеді, сондай-ақ халықаралық рейтингілік агенттігі ұсынған банк рейтингімен расталады. Altyn Bank қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингке ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). ... [2020-03-03]