19 қарашада "RESMI" Инвестициялық қаржы Үйі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

29.10.20 09:20
/KASE, 29.10.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RESMI" Инвестициялық қаржы Үйі" АҚ (Алматы) 2020 жылдың 19 қарашасында сағат 10:00-де акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселелер: - Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - Қоғамның Дректорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы; - Қоғамның атауын өзгерту туралы. Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/IFDR/ifdr_special_shareholders_meeting_info_191120_172.pdf [2020-10-29]