"Самұрық-Энерго" АҚ энергетика саласын цифрландыруды кеңейтуде

26.01.21 14:58
/KASE, 26.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға 2021 жылдың 26 қаңтарында жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы Қазақстанның энергетикалық нысандарында арнайы жабдықты орнату басталды, бұл республиканың бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі (БЭЖ) қуаттың ағымын және оның таратылуын реттеуге мүмкіндік береді. Цифрлық шешімдерді енгізу және Жүйелік операторға қызмет көрсету есебінен 2021- 2025 жж. аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ 4 млрд. теңгеден астам қаржылық пайда табуды жоспарлауда. Аталған бірегей жоба «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары – «Мойнақ СЭС-і» АҚ мен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның платформасында іске асырылуда. Бұл «KEGOC» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жиілік пен қуатты автоматты реттеу (ЖҚАР) жүйесін енгізу бойынша бірлескен жобасы. цитатаның басы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында мына мекен-жайларда жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_260121_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_260121.pdf – орыс тілінде. [2021-01-26]