М. Ж. Керейбаев "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) Басқарма төрағасы болып сайланды)

21.04.21 09:59
/KASE, 21.04.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE, Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан инжиниринг "(Kazakhstan Engineering) АҚ (Нұр-сұлтан) Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 08 сәуіріндегі шешімімен Басқарма құрамына мынадай өзгерістер енгізілгені туралы Биржаға хабарлады: - шығарылды: Сарсембаев А.З. – Басқарма Төрағасы; - сайланды: Керейбаев М.Ж. – Басқарма Төрағасы. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) Басқармасы төрт адамнан тұрады: Керейбаев М.Ж., Шунаева С.А., Кисиков К.М., Ли Д.А. Толық ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZEN/kzen_board_changes_080421_789.pdf [2021-04-21]