"Estate Management Company" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

11.10.21 16:52
/KASE, 11.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Estate Management Company" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 200 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 100 000 000 дана; - компанияның 30 073 000 жай акциялары және 3 000 000 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ болып табылады. [2021-10-11]