"KASE Global" секторында 15 қарашадан 19 қарашаға дейінгі акциялармен сауда-саттық көлемі 54,1 млн теңге ($125,5 мың) құрады

24.11.21 17:00
/KASE, 24.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "KASE Global" секторында 2021 жылдың 15-19 қарашасындағы акциялармен сауда-саттық нәтижесін ұсынды. ------------------------------------------------------------------------- Сауда-саттық Сауда-саттық көлемі, Акциялар саны, дана. Мәміле саны, дана коды USD ------------ --------------------- -------------------- ----------------- MU_KZ 41 366 524 6 BA_KZ 28 399 124 4 T_KZ 25 516 1 042 18 C_KZ 11 754 172 13 CRM_KZ 10 043 33 1 AMZN_KZ 3 555 1 1 JNJ_KZ 2 288 14 4 NEM_KZ 1 172 20 5 AMD_KZ 614 4 3 COP_KZ 295 4 2 ABT_KZ 267 2 1 FCX_KZ 162 4 2 AAL_KZ 60 3 3 ------------ --------------------- -------------------- ----------------- Барлығы 125 489 1 947 63 ------------------------------------------------------------------------- Көрсетілген кезеңде "KASE Global" секторында шет елдік 1947 компаниялармен жалпы сомасы 54,1 млн теңге немесе $125,5 мың қаржыға 63 мәміле жасалды . Сауда-саттықтың ең көп көлемі келесі акцияларға келді: - Micron Technology, Inc.US5951121038 (MU_KZ) – жалпы сомасы 17,8 млн теңге инемесе $41,4 мыңға 6 мәміле; - The Boeing Company US0970231058 (BA_KZ) – жалпы сомасы 12,2 млн теңге немесе $28,4 мыңға 4 мәміле; - AT&T Inc. US00206R1023 (T_KZ) – жалпы сомасы 11,0 млн теңге немесе $25,5 мыңға 18 мәміле. 2021 жылдың 15 қарашасында "KASE Global" секорында шетелдік эмитенттердің 25 ақцияларымен сауда-саттық ашылды, 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап – тағы да 12 бағалы қағаздармен. Бастапқы кезеңде американдық биржаларда листингтен өткен және KASE ресми тізіміне енгізілген шетелдік акциялар осы секторда саудаға шығарылады, сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11:20-ден 22:00-ге дейін Т+2-де өткізіледі. Бағалы қағаздар АҚШ долларымен бағаланады. [2021-11-24]