Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.01.22 09:44
/KASE, 21.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 10 000 дана; - компанияның 78 414 жай акциялары орналастырылған, компанияның артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ТАВ КАЗАХСТАН (TAV KAZAKHSTAN)" ЖШС болып табылады. [2022-01-21]