"Казбургаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

27.01.22 12:47
/KASE, 27.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казбургаз" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 970 812 дана, артықшылықты акциялар саны – 17 045 дана; - компанияның 939 332 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ИНТЕРИНЖ-АЛМАТЫ" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 939 332 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 98,22 %) бар. [2022-01-27]