"KEGOC" АҚ компания басшылығындағы өзгерістер туралы хабарлады

28.04.22 10:21
/KASE, 28.04.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға баспасөз хабарламасын ұсынды: цитатаның басы «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А.Т.Ботабеков өз бастамасы бойынша лауазымынан босатылып, Компания Басқармасының құрамынан шығарылды. Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор лауазымына Әкімбаева Айгүл Ермекбайқызы тағайындалды. Әкімбаева Айгүл Ермекбайқызы бұған дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі серіктес басқарушы директоры болып жұмыс істеді, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Forum Muider B.V.» компаниясы Директорлар кеңестерінің мүшесі болып табылады, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мен «Energy Solutions Center» ЖШС Бақылау кеңестерінің жұмысына қатысады. «KEGOC» АҚ А.Т.Ботабековке компанияны дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, кәсіби саладағы еңбегіне мол табыс тілейді. Компания бекітілген дивидендтік саясатты және өз акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаттарын ұстануды жалғастырады цитатаның соңы Осы хабарламаның толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_relizs_260422.pdf мекен-жайында жарияланған. [2022-04-28]