"Каспий нефть" АҚ жалғыз акционері компанияның 2019 жылға –2022 жылдың бірінші тоқсанына дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

13.10.22 15:43
/KASE, 13.10.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Каспий нефть" АҚ (Атырау) KASE-ге оның жалғыз акционерінің 2022 жылғы 29 қыркүйегіндегі шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның бөлінбеген таза пайдасының бір бөлігі 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге 10 900 000 000,00 теңге сомасында бөлінсін; - компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуді мынадай тәртіппен бекіту: - дивидендтер төленетін кезең: 2019 жыл-2022 жылдың бірінші тоқсаны; - дивидендтер төлеудің басталуы: 2022 жылғы 29 қыркүйек. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KSNF/ksnf_decision_sole_290922_712.pdf [2022-10-13]