"ҚазТрансОйл" АҚ негізгі қызметтегі өзгертулер туралы хабарлайды

31.10.22 10:51
/KASE, 31.10.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың 28 қазанындағы баспасөз мәлімдемесін Қазақстан қор биржасына ұсынды: ... «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2022 жылғы 19 қазандағы шешімімен (№4/2022 хаттама) Қоғам жүзеге асыратын қызмет түрлері бөлігінде Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді, атап айтқанда: 1) Қоғам Жарғысынан мынадай қызмет түрлері алып тасталынды: 2) Қоғамның магистральдық құбырлары объектілерінің орналасуының географиялық шекараларында тұруды ұсыну бойынша қызметтер көрсету; «Үлкен Шаған» МАС жұмыс істейтін қызметкерлер үшін Қоғамның «Үлкен Шаған» мұнай айдау станциясының жатақханасында тұруды ұсыну бойынша қызметтер көрсету. 3) 2) Қоғамның Жарғысына «кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйым ретінде Қоғамның электр желілеріне технологиялық қосуды жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсету» қызметінің жаңа түрі енгізілді. Қоғамның аталған қызмет түрлерін жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісілген. Өз кезегінде, Қоғам қызметінің түрлерінің қысқаруы «тұрғын үйдің басқа түрлері» қызметінің тиісті түрін (ЭҚЖЖ коды 55900) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысымен бекітілген, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және республика қаулысымен бекітілген олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінен алып тастауға байланысты. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_281022_1kz.pdf мекен-жайында орналастырылған. [2022-10-31]