14 желтоқсаннан бастап "Коммеск-Өмір" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ KZ1C00000322 (KMSO) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

13.12.22 17:42
/KASE, 13.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингтік комиссиясының 2022 жылдың 13 желтоқсанындағы шешімімен бастап "Коммеск-Өмір" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) KZ1C00000322 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMSO) жай акциялары KASE ресми тізімінен алынып тасталды. Листингтік комиссияның бұл шешімі 2022 жылдың 14 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім "Коммеск-Өмір" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген акцияларды ерікті түрде делистингілеу туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар 2007 жылдың 02 шілдесінен бастап "В" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2007 жылдың 11 шілдесінен бастап ашылған. [2022-12-13]