/ҚАЙТАЛАУ/ 06-11 қаңтар аралығында Қазақстанқор биржасында "AMF Group" АҚ KZ1C00000512 (AKFI) жай акцияларына жазылу жүргізіледі

10.01.23 10:00
/KASE, 10.01.23, 06.01.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 06-11 қаңтары аралығында KASE сауда-саттық жүйесінде "AMF Group" АҚ (Астана) KZ1C00000512 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, AKFI) жай акцияларына жазылу арқылы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Аталған акцияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "First Heartland Securities" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын акциялар саны – 1 685 034 дана. Орналастыру бағасы – бір акция үшін 258,00 теңге. Лот 561 678 акцияға тең. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 06-11 қаңтары аралығында Астана қаласы уақытымен 09:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент еместерінен өтінімдерді қабылдауға жол берілмейді. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 12 қаңтары, сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 13 қаңтары; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 13 қаңтары, Астана қаласы уақытының 11:20. Есептеулерді "бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген акцияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған жеке тұлғаның азаматтығы немесе мемлекет; 4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері; 5) жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның мекенжайы; 6) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде бар және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрмайтын инвестор туралы өзге де ақпарат. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет- ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Көрсетілген акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/ru/shares/show/AKFI/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-01-10]