Қазақстан қор биржасында жүргізілген жазылым шеңберінде "AMF Group" АҚ бір KZ1C00000512 (AKFI) акциясына 258,00 теңгеден 561 678 жай акция орналастырылды

13.01.23 17:25
/KASE, 13.01.23/ – Бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 06-12 қаңтары аралығында KASE сауда-саттық жүйесінде оларға жазылу арқылы "AMF Group" АҚ (Астана) KZ1C00000512 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, AKFI) жай акцияларын орналастыру жүргізілді. Аталған акцияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "First Heartland Securities" АҚ әрекет етті. Сатуға барлығы 1 685 034 акция ұсынылды. Жазылым нәтижелері бойынша есеп айырысуды жүргізу күні – 13 қаңтар 2023 жыл. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Сауда-саттық жүйесіне барлығы 561 678 акцияны (ұсынымтың 33,3 %) сатып алуға бір өтінім келіп түсті, ол өтінімдерді жинау аяқталған кезде белсенді деп танылды. Берілген өтінімдегі баға бір акция үшін 258,00 теңгені құрады. Белсенді өтінім бойынша жиынтық сұраным 144 912 924,0 теңгені құрады. Жазылым нәтижелері бойынша бір акция үшін 258,00 теңге бағамен 561 678 акцияны сатып алуға өтінім қанағаттандырылды. Орналастырудың жалпы көлемі 144 912 924,0 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған акцияларға жазылу нәтижелері бойынша мәміле осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-01-13]