17 қаңтардан бастап "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00006674 (KZENb2) облигациялары эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды

17.01.23 09:15
/KASE, 17.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2023 жылдың 16 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00006674 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZENb2; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 7 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 13,00%, 30/360) алынып тасталды. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 17 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген облигациялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған облигациялар 2020 жылдың 05 мамырынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық ашылған жоқ. [2023-01-17]