27 наурыздан бастап KASE-де Airbus NL0000235190 (AIR_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

24.03.23 16:24
/KASE, 24.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 наурызынан бастап KASE орталық контрагент ретінде әрекет ететін және есеп айырысу күні 2023 жылдың 26 сәуіріне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо операцияларға байланысты Airbus (Нидерланд) NL0000235190 ("KASE Global" секторы, AIR_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 26 сәуірәнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2023 жылдың 28 сәуірінен бастап қайта басталады. [2023-03-24]