KASE Листингілік комиссиясы "ID Collect (АйДи Коллект)" коллекторлық агенттігі" ЖШС KZ2P00009681 (IDCOpp1) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңы бойынша енгізу туралы шешім қабылдады

27.04.23 14:30
/KASE, 27.04.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 27 сәуірінде "ID Collect (АйДи Коллект)"коллекторлық агенттігі" ЖШС (Алматы) KZ2P00009681 ($100 000, $5,0 млн, 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 14,50%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру алаңы бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға IDCOpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингтік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-04-27]