"Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекітті

05.07.23 12:29
/KASE, 05.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ (Ақтөбе) 2023 жылдың 30 маусымында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2022 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2022 жылғы таза табыс 47 241 000 теңге мөлшерінде компанияның иелігінде қалдырылсын. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/AZNO/azno_special_shareholders_meeting_results_300623_264.PDF [2023-07-05]