"Матен Петролеум" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылғы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады

20.07.23 16:35
/KASE, 20.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Матен Петролеум" АҚ (Атырау) 2023 жылдың 18 шілдесінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2022 жылғы таза табысы 43 054 372 000 теңге мөлшерінде бөлінбесін. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/MATN/matn_special_shareholders_meeting_results_180723_729.pdf [2023-07-20]