"Транстелеком" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

31.07.23 16:04
/KASE, 31.07.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Транстелеком" АҚ (Астана) 2023 жылдың 25 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2022 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Бұл ақпарат орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/TCOM/tcom_special_shareholders_meeting_results_250723_3920.pdf [2023-07-31]