"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ акционерлері 2022 жылдағы таза табысты бөлу тәртібін бекітті

09.08.23 11:41
/KASE, 09.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен) 2023 жылдың 26 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2022 жылдағы 6 741 141 мың теңге сомасындағы таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін: - 91 724 мың теңге – дивидендтерге; - 6 649 417 мың теңге – техникалық қайта жарақтандыруға, ғылыми- зерттеу жұмыстарына және негізгі құралдарды сатып алуға инвестицияларға. Акционерлердің жалпы жиналысында жиналыстың күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmk_special_shareholders_meeting_results_260723_2023.pdf [2023-08-09]