12 қыркүйекте "Шұбаркөл Премиум" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

10.08.23 10:58
/KASE, 10.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл Премиум" АҚ (Қарағанды) 2023 жылғы 12 қыркүйегінде сағат 10:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады: - жиналыстың күн тәртібін бекіту; - компанияның 2022 жылға қаржылық есептілігін бекіту; - компанияның 2022 жылға жеке қаржылық есептілігін бекіту; - компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін анықтау; - компания акционерлерінің компания мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау; - компанияның директорлар кеңесінің 2022 жылдағы өз қызметі туралы есебін қарау; - компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органының 2022 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпараттандыру. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/SHUP/shup_special_shareholders_meeting_info_120923_1012.pdf [2023-08-10]