"First Heartland Jusan Bank" АҚ акционерлері банктің директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлады

10.08.23 17:22
/KASE, 10.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 10 тамызында өткен акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін; - "АТФБанк" АҚ-ның 2020 жылдың 20 қарашасындағы жай акцияларын сатып алу-сату шартына № 3 қосымша келісім жасасу, оны жасауға мүдделілік бар мәміле болып табылады; - банктің директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату; - 2023 жылдың 10 тамызынан бастап банктің директорлар кеңесінің үш мүшеден тұратын сандық құрамы айқындалсын; - 2023 жылдың 10 тамызынан бастап банктің директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі бір жыл болып белгіленсін. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_special_shareholders_meeting_results_100823_.pdf [2023-08-10]