"First Heartland Jusan Bank" АҚ банк басшылығының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

10.08.23 17:23
/KASE, 10.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 10 тамызында KASE-ге келесі мазмұндағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды: дәйексөздің басы 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) Акционерлердің кезектен тыс жиналысы өткізді, онда Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланып, банк басшылығы бекітілді. Ғалымжан Есенов Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ Директорлар кеңесіне Жарқынбек Азбеков пен лауазымын сақтап қалған Санжар Жамалов тәуелсіз директор ретінде енді. Jusan Bank Басқармасының құрамына Ирина Мерзлякова (Басқарма Төрағасының М.А.), Асқар Хамидуллин және Ғалия Маханова кіреді. Басқарманың қалған мүшелері уәкілетті органның қажетті келісімін алғаннан кейін тағайындалады. Сонымен қатар Jusan Bank және акционерлер Ғалымжан Есенов пен Jusan Technologies Ltd (JTL) арасындағы бітімгершілік келісімін мақұлдады. Келісімге сәйкес, JTL активтері Қазақстан Республикасының юрисдикциясына қайтарылды. Келісім аясында Қазақстан Республикасы, Jusan Technologies Ltd және Ғ.Есеновке қатысты Қазақстан Республикасындағы, АҚШ пен Ұлыбританиядағы барлық сот процестері тоқтатылады. дәйексөздің соңы Осыақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_relizs_100823.pdf [2023-08-10]