11 қыркүйекте "First Heartland Jusan Bank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

10.08.23 17:25
/KASE, 10.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 12:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын KASE-ке хабарлады: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - банктің 2023 жылға арналған жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтер көрсету жөніндегі аудиторлық ұйымды анықтау туралы; - банктің директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_relizs_100823_1.pdf [2023-08-10]