"Атамекен-Агро" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

06.09.23 12:14
/KASE, 06.09.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау) 2023 жылдың 29 тамызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлмеу, компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтерді есептемеу немесе төлемеу және бір жай акцияға шаққандағы 2022 жылға дивиденд мөлшерін бекітпеу. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_special_shareholders_meeting_results_290823_361.pdf [2023-09-06]