"ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ KZ2C00010155 (ASKQb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

12.10.23 10:58
/KASE, 12.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 11 қазанында KZ2C00010155 ($100, $6,0 млн; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,00 %; 30/360) "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ (Алматы) облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға ASKQb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-10-12]