/KASE, 13.10.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 11 қазанда "ALTYN SAMRUK
QAZAQSTAN" АҚ (Алматы) KZ2C00010155 (ASKQb1; $100, $6,0 млн; 3 жыл;
жартыжылдық купон, жылдық 9,00 %; 30/360) облигацияларының баламалы
алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 13 қазанынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/bonds/show/ASKQb1/
[2023-10-13]