Бүгін Қазақстан қор биржасында "KazWind Energy" ("КазВинд Энерджи") ЖШС KZ2P00010119 (KZWEb1) облигацияларына жазылым жүргізіледі

17.10.23 09:05
/KASE, 17.10.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе биржа) сауда-саттық жүйесінде "KazWind Energy" ("КазВинд Энерджи") ЖШС (Алматы) KZ2P00010119 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, KZWEb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 5 жыл; тоқсандық купон; жылдық 21,75 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "SkyBridge Invest"АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 3 00 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 қазанында сағат 16:00-ден 16:30-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 17 қазаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 17 қазаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 17 қазаны, Астана қаласы уақытымен 17:15. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы. 3) жеке тұлғаның азаматтығы немесе заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған мемлекет; 4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (нөмірі, берілген күні және құжатты берген орган); 5) жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның мекенжайы; 6) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде бар және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрмайтын өзге де ақпарат. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/KZWEb1/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-10-17]