"KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Энерджи") KASE-де жазылым жүргізу арқылы өтеуге кірістілігі жылдық 21,75 %-бен бес жылдық KZ2P00010119 (KZWEB1) "жасыл" облигацияларды орналастыра отырып, 3,0 млрд теңге тартты

17.10.23 17:43
/KASE, 17.10.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының KASE сауда-саттық жүйесінде "KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Энерджи") (Астана) KZ2P00010119 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, KZWEb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 17.10.23 – 17.10.28; жартыжылдық купон, жылдық 21,75%; 30/360) оларға жазылу арқылы"жасыл" облигацияларды бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) әрекет етті. Орналастыруға номиналды көлемі 3 000 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 қазанында сағат 16:00-ден 16:30-ға дейін Астана қ. уақытымен жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы номиналды көлемі 3,0 млрд теңге облигацияларды сатып алуға бір шектелімді өтінім берілді, ол өтінімдерді жинау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінімдегі таза баға номиналдың 100,0000 % (жылдық 21,75 %) құрады. Сұраным ұсынымның 100,0 % құрады. Орналастыру нәтижелері бойынша өтінім толық көлемде қанағаттандырылды. Жалпы сомасы 3 000 000 000,0 теңгеге 3 000 000 облигация орналастырылды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәміле осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-10-17]