26 қазанда Абай облысының әкімдігі KZMJ00001675 (AIK0024_167) облигацияларын орналастырып, KASE-де 3,5 млрд теңге тартты

26.10.23 17:07
/KASE, 26.10.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001675 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AIK0024_167) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтелгенге дейін 2 жыл мерзімге 3 500 000 облигация орналастыруды жоспарлады. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 3,5 млрд теңге тартты. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды. Осыдан бұрын KASE-де "Бүгін KASE-де Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001675 (AIK0024_167) 3,5 млн облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы жарияланды – https://kase.kz/kz/news/show/1510434/ Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/gsecs/show/AIK024_167/ [2023-10-26]