KASE Листингілік комиссиясы "Эмир Құрылыс Астана" ЖШС KZ2P00010267 (EMQApp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

27.10.23 18:11
/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 27 қазанында "Эмир Құрылыс Астана" (Астана) KZ2P00010267 облигацияларын (1 000 теңге, 2,7 млрд теңге, 2 жыл; жылдық купон, жылдық 25,00 %; 30/360) "Жеке орналастыру " алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. Аталған облигацияларға EMQApp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады. [2023-10-27]