/KASE, 30.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа)
2023 жылдың 31 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Capital Leasing
Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС (Алматы) KZ2P00010192 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, CLSGb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд
теңге; 3 жыл; тоқсандық купон; облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын
болады; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы
орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом
Финанс" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі –
300 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 31 қазанында
сағат 10:30-ден 14:30-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым
аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
31 қазаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру
күні – 2023 жылдың 31 қазаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен
уақыты – 2023 жылдың 31 қазаны, Астана қаласы уақытымен 15:30.
Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/CLSGb3/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-10-30]