06 қарашадан бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00010338 (IDFRb5) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

06.11.23 16:31
/KASE, 06.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 03 қарашасында Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00010338 (IDFRb5; 1 000 теңге, 232,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 06 қарашасынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/IDFRb5/ [2023-11-06]