Ж.Г. Даркеев "Жайықмұнай" ЖШС Бас директоры болып тағайындалды

21.11.23 15:58
/KASE, 21.11.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) KASE-ге 2023 жылдың 21 қарашасында ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Жайықмұнай" ЖШС 2023 жылғы "27" қазанда "Жайықмұнай" ЖШС-нің жалғыз қатысушысы Nostrum Oil & Gas Cooperatief U.A. келесі шешім қабылдағанын хабарлайды: 1. Даркеев Жомарт Габдулқаирович мырза 2023 жылғы 14 қарашадан (және қоса алғанда) 2024 жылғы 14 қарашаға дейін (және алып тастағанда) "Жайықмұнай" ЖШС Бас директоры лауазымына тағайындалсын. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_relizs_131123.pdf [2023-11-21]