"KEGOC" АҚ Қазақстанның батыс аймағының электр желісін күшейту үшін жаңа электр беру желілерінің іске қосылғаны туралы хабарлады

30.11.23 15:16
/KASE, 30.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Атырау облысында Қазақстанның Батыс аймағының электр желілерін нығайту мақсатында салынған жаңа электр желілері іске қосылды. Ресми қосу рәсіміне телекөпір арқылы ҚР ПремьерМинистрі Әлихан Смайылов қатысты. Желінің өткізу қабілетін арттыру және Қазақстанның Батыс аймағындағы тұтынушыларды тұрақты энергия қуатымен қамтамасыз ету мақсатында "KEGOC" АҚ "Батыс Қазақстан энергетикалық торабы – Атырау – Маңғыстау" бағыты бойынша жалпы ұзындығы 780 шақырымға жуық 220 кВ бес электр беру желісін салды. Жұмыс барысында 4,2 мыңнан астам электр бағаналары орнатылып, "Уральская", "Правобережная", "Индер", "Құлсары", "Теңіз" қосалқы станцияларын кеңейту қамтамасыз етілді, сондай-ақ "Қарабатан" жаңа таратушы қосалқы станциясы іске қосылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде электр желісінің қуаттылығы айтарлықтай ұлғайтылды: "Батыс Қазақстан энергетикалық торабы – Атырау" учаскесінде 100 МВт-тан 200 МВт-қа дейін; "Атырау – Маңғыстау" учаскесінде 50 МВт-тан 200 МВт-қа дейін. Нәтижесінде Батыс аймақ желісінің сенімділігі екі есеге артып, апат ықтималдығы төмендеді. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_relizs_291123.pdf [2023-11-30]