"Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлері банктің директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлады

04.12.23 11:36
/KASE, 04.12.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ Алматы) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 04 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) 2023 жылғы 1 желтоқсанда Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткенін хабарлайды. Өткізілген жиналыстың қорытындысы бойынша Банк акционерлері мынадай шешімдер қабылдады: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевтың өкілеттігі 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап оның жазбаша хабарламасы негізінде өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылсын. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы 7 (жеті) адамнан 8 (сегіз) адамға дейін ұлғайтылсын. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев тәуелсіз директор және Жомарт Досанқұлұлы Нұрабаев «АЛМЭКС¬ холдинг тобы¬ АҚ өкілі ретінде сайлансын. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев пен Жомарт Досанқұлұлы Нұрабаевтың өкілеттік мерзімі – олар сайланған сәттен бастап және «Қазақстан Халық Банкі¬ АҚ акционерлерінің 2023 жылғы 25 мамырда өткен жылдық жалпы жиналысында белгіленген "Қазақстан Халық Банкі" Директорлар кеңесінің қазіргі құрамының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін айқындалсын.. ... Осылайша, корпоративтік басқарудың үздік халықаралық тәжірибелеріне сәйкес бүгінгі күні Банктің Директорлар кеңесі келесі құрамдағы сегіз адамнан (оның ішінде алты тәуелсіз директордан) тұрады: - Павлов Александр Сергеевич – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор; - Дунаев Арман Ғалиасқарұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; - Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; - Кайларс Франк – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; - Нұрабаев Жомарт Досанқұлұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, "Алмэкс "Холдингтік тобы" АҚ өкілі; - Романовски Петр – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; - Тишендорф Герман – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; - Шаяхметова Үміт Болатханқызы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы. дәйексөздің соңы Толық ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_041223_1_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_041223_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_041223_1_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-12-04]