/KASE, 08.12.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 05 желтоқсанында "Кредит Time"
МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00010416 (MFKTb5; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге;
2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми
тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 08 желтоқсанынан бастап
күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFKTb5/
[2023-12-08]