"Agrobusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС KZ2P00010390 (MFABb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

12.12.23 10:21
/KASE, 12.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 11 желтоқсанында "Agrobusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС (Өскемен) KZ2P00010390 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 10 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигациялардың баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға MFAbb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "Agrobusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС қызметінің негізгі түрі – кредиттер беру. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-12-12]