15 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Energy") KZ2P00010119 (KZWEb1) "жасыл" облигацияларымен сауда-саттық ашылады

13.12.23 16:38
/KASE, 13.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 15 желтоқсанынан бастап "KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Energy") (Астана) KZ2P00010119 "жасыл" (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, KZWEb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 17.10.23-17.10.28; жартыжылдық купон, жылдық 21,75 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/KZWEb1/ [2023-12-13]