29 қаңтарда "Шұбаркөл Премиум" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

19.12.23 14:34
/KASE, 19.12.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл Премиум" АҚ (Қарағанды) 2024 жылдың 29 қаңтарында сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетінін KASE-ге хабарлады: - акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - Директорлар кеңесі мүшесінің, тәуелсіз директордың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; - Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы; - Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау және директорлар кеңесін жаңа құрамда бекіту туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/SHUP/shup_special_shareholders_meeting_info_290124_1624.pdf [2023-12-19]