15 қаңтардан бастап KZ2P00010788 (MFTSb2) "TAS FINANCE GROUP "МҚҰ" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

15.01.24 11:55
/KASE, 15.01.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 12 қаңтарында TAS FINANCE GROUP "МҚҰ" ЖШС (ТАС ФИНАНС ГРУПП) (Абай обл.) KZ2P00010788 (MFTSb2; 500 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 2,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,50%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар "санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/MFTSb2/ [2024-01-15]