01 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Ел Орда Арнау" ЖШС KZ2P00009996 (EOARb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылады

22.01.24 10:57
/KASE, 22.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 ақпанынан бастап "Ел Орда Арнау" ЖШС (Астана) KZ2P00009996 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, EOARb1) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы тоқтатылатынын хабарлайды. Тоқтата тұру 2024 жылдың 01 ақпанында аталған облигациялар шығарылымының аңдатпасына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралатын осы облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге байланысты. [2024-01-22]