24 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010465 (MFDFb2) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

23.01.24 14:49
/KASE, 23.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 24 қаңтарынан бастап "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010465 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFDFb2; $100, $7,0 млн; 19.01.24- 19.01.26; тоқсандық купон; жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFDFb2/ [2024-01-23]