25 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010457 (MFDFb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

24.01.24 14:55
/KASE, 24.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010457 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFDFb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 23.01.24-23.01.26; тоқсандық купон, жылдық 21,50%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFDFb1/ [2024-01-24]