/KASE, 25.01.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 25 қаңтарында
"ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру"
алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00010841 (KAFIpp4; 1 000 теңге; 15,0 млрд теңге; 4 жыл; жарты
жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360);
- KZ2C00010908 (KAFIpp5; 1 000 теңге; 10,0 млрд теңге; 4 жыл; жарты
жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап
күшіне енді.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/KAFI/
[2024-01-25]